13 тамызда күн ысып, кей өңірде жаңбыр жауады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
114

13 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталса, кей жерлерде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы «Қазгидромет» болжамына сүйеніп хабарланды.

Астанада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +11…+13°C, күндіз +29…+31°C шамасында болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы 9–14 м/с-қа дейін жетеді.

Алматыда ыстық ауа райы сақталады. Қалада ауа температурасы күндіз +36°C-қа дейінкөтерілуі мүмкін.

Ал оңтүстік өңірлерде аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы +40°C-тан жоғары болуы ықтимал. Кейбір аймақтарда күн күркіреп, жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, 13–15 тамыз аралығында елдің бір бөлігінде аптап ыстық біртіндеп басылып, жауын-шашын көбейеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте ер адам бұрынғы әйелін аңдып, үстіне қышқыл төккен. Оқиға салдарынан әйел ауыр жарақат алы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

100 жылқыны жымқырды деп сотқа тартылған Рахат Сәрсенов туралы жақсы жаңалық тарады, деп хабарлайды...