Актриса С.Еслямова қаңтар айында Лос-Анджелеске сапар шегеді

Жаңалықтар
2317

Ресейлік режиссер түсірген көркемфильмде басты рөлді жерлесіміз Самал Еслямова сомдағаны белгілі. Осы «Айка» фильмі Голливудтың назарын аударды.

Канн фестивалінде басты жүлдеге ие болған актриса биыл кино әлемінде жыл жаңалығы атанды. Енді Самал бастаған топ 3 қаңтарда Лос-Анжелеске сапар шекпекші. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. 

Соңғы жылдары отандық киноның сапасы артып, көрермендер арасында сұранысқа ие бола бастағаны аңғарылады. Бұған дейін тек шетелдік фестивальдерді жағалап кететін отандық режиссерлер енді ішкі нарықтан да табыс табуға мүмкіндігі бар екенін білді. Қазақ тіліндегі ұлттық фильмдер бұдан былай кинотеатрларда кешкі прайм-тайм уақыттарда көрсетіле бастайды. Бұған жеке меншік компаниялардың өздері мүдделі болады. 

Себебі ұлттық картиналардан түсетін табысқа қосымша құн салығы салынбайды. Бұл отандық фильмдерге деген қызығушылықты арттырып, прокатпен айналысатын мекемелерге жасалған қолдау болмақ. Келер жылдың оныншы қаңтарында күшіне енетін жаңа «Кино туралы» заңда аударма мәселесі де ескертілген.

Елімізге кіретін шетелдік фильмдер міндетті түрде дубляждалып немесе субтитрлармен қазақ тілінде көрсетілуі міндетті. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі:

 - Қазір енді 12 процент налогтан босатылған соң әрине қаражат салу тиімді болады. Қазір көптеген азаматтар кино саласында біздің режиссерлерге  өздерінің қаражаттарын сала бастайды. Ол берілген қаражаттың көлемі ұлғая бастайды. Содан кино көбірек болса оның сапасы да жоғарлайды. Екіншісі әрине прокатқа шыққанда ұлттық фильм басқа елдердің фильміне қарағанда жаңағы билеттен түскен қаржының 20 процент салықтан босатылады.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...