Зейнетақы мен жәрдемақы қалай өседі?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1473

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап кімдердің зейнетақысы мен жәрдемақысы өсетінін айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

"Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді инфляция деңгейіне байланысты 10 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. 2026 жылға арналған бюджетте бұл мақсатқа 622 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған", - деді министр.

Оның айтуынша, базалық және ынтымақты зейнетақы алатын барлық адамның зейнетақысы көбейеді.

"Сондай-ақ мүгедектігі бар жандарға, балаларға, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға берілетін төлемдер, асыраушысынан айырылу бойынша төленетін жәрдемақылар артады. Негізгі базалық көрсеткіштер ұлғайтылады", - деді парламент кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Светлана Жақыпова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Тайландта дауыс берді, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы сайлау учаскелерінің бірінде сайлаушылардың назарын ерекше перформанс аударды, деп хабарл...