БҚО-да тағы су тасқыны болуы мүмкін

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2002

Синоптиктер осы жылы су тасқыны болу ықтималдығын болжады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, температураның күрт көтерілуі немесе қатты жауын-шашын кезінде БҚО-дағы бірнеше аудандарда және Орал қаласында қалыңдығы 2 см мұз қабаты су тасқынын тудыруы мүмкін екен.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі қаңтар айындағы жауын-шашын көлемі 2024 жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштермен салыстырылатынын айтты. Тасқала, Сырым, Бөрлі, Теректі және Бәйтерек аудандары су тасқыны болуы мүмкін аймақтарға жатады.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев қазірдің өзінде атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. Мысалы Жайық өзенінің бойында ұзындығы 102 км болатын 54 қорғаныс бөгеті салыныпты. Төреғалиев 2025 жылдың көктемінен «аман шығамыз» деп отыр.

«Біз көктемге мүмкіндігінше дайын болуымыз керек. Су тасқынының алдын алу бойынша іс-шараларды сапалы жүргізуіміз маңызды. Аудан әкімдеріне және тиісті мекемелерге бұл жұмысты күшейтуді тапсырамын», - деді БҚО әкімі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Жол...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал актер Азамат Сатыбалды кезекті спектальден кейін төсек тартып қалғанын айтты, деп хабарлады...