Енгізілетін жаңа талаптар әскерге баруды кейінге қалдыру рәсімін жеңілдетіп, процесті барынша ашық е...
Тоқаев жиында Қазақстанның басты жетістіктерін атады
Фото: Ақорда
Республика күніне арналған жиында Тоқаев еліміздің жетістіктері туралы айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
- 2019 жылдан бері экономикамыз 30%-ға жуық өсті.
- Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім көлемі 15 мың доллардан асты.
- «Ұлттық қор – балаларға» аясында 7 млн баланың есепшотына 2,5 млрд доллар қаржы аударылды.
- Былтыр 20 млн-нан астам шаршы метр тұрғын үй салынды.
- Еліміздің жалпы ішкі өнім көлемі 350 млрд долларға жетіп келе жатыр.
- Жыл сайын конвейерден 150 мыңнан аса жеңіл және жүк көлігі шығады.
- Еліміздің азаматтары медициналық қызметтің 1 мыңнан астам түрін ақысыз алуға құқылы.
Сондай-ақ, президент Республика күніне арналған жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекенің маңызы, Қазақстанның егемендікке жету жолы және Тәуелсіздік үшін күрескен тарихи тұлғалардың ерлігі туралы айтты.
«Республика күні – күллі халқымыздың басын қосатын, жалпыұлттық сипаты бар бірегей мереке.
Егемендік пен Тәуелсіздік – бәрінен қымбат қазынамыз, ең асыл құндылығымыз! Сондықтан мемлекеттігімізді күшейтіп, еліміздің іргесін бекіте түсу – баршамыздың қасиетті борышымыз.
Біз егемендікке ата-бабаларымыздың бойындағы мықты ерік-жігер мен өшпес рухтың арқасында қол жеткіздік.
Халқымыз Тәуелсіздік жолында құрбан болған ерлердің, бостандық үшін жанқиярлықпен күрескен тұлғалардың есімін әрқашан жадында сақтайды.»