Павлодарда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
375

Павлодар қаласында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде, Академик Сәтбаев көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, реанимобиль бірінші санаттағы шұғыл шақыртуға бара жатқан. Арнайы көліктің жарық белгілері мен дабыл сигналы қосулы болған.

103 қызметінің мәліметінше, реанимобиль жүргізушісі «зебрадан» өтіп бара жатқан сәтте жаяу жүргінші жолға шыққан. Салдарынан әйел адамды көлік қағып кеткен.

Оқиғадан кейін жедел жәрдем қызметкерлері зардап шегушіге сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін оны Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізген. Ал алғашқы шақырту басқа жедел жәрдем бригадасына тапсырылған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын полиция анықтап жатыр. Құқық қорғау органдары реанимобиль жүргізушісінің әрекетіне құқықтық баға береді.

Ал 103 қызметі зардап шеккен әйелге тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 24 тамызда Астана уақыты бойынша с...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Меркіде қаза болған 19 жастағы Мадинаның қабіріне бүгін құлпытас қойылды. Бұл туралы журналист Жан А...