Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
433

Астанада 15 мамыр күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында қала үстінде жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы өтеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі жазды.

“Іс-шараға дайындыққа байланысты 10 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары басталады.

Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу іс-шаралары қауіпсіз биіктікте жүзеге асырылады және қала тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен демонстрациялық ұшу кезеңінде туындауы мүмкін қысқа мерзімді шу деңгейінің артуына түсіністікпен қарауды сұраймыз”,- делінген хабарламада.

Министрліктің мәлімдеуінше, барлық ұшулар қауіпсіздік талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылады және халыққа ешқандай қауіп төндірмейді және түрлі түсті түтіндерді пайдалану тек демонстрациялық сипатқа ие және қоршаған ортаға зиянды әсер етпейді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Италияның Битонто қаласының тұрғыны лотереядан 1 миллион еуро (шамамен 540 миллион теңге) ұтып алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында әйелге жасалған қатыгез шабуылға қатысты сот ісі аяқталды. Қылмыстың саралануы қоға...