«Шымбұлаққа» шыққан қытайлық турист жарақат алды

Фото: ҚР ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
931

Құтқарушылар «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында жарақат алған шетелдік туристке көмек көрсетті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға бүгін «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты маңында болған. Қытай Халық Республикасының 1973 жылы туған азаматшасы шамамен 3000 метр биіктен таудан түсу кезінде арқасынан жарақат алып, өздігінен қозғала алмай қалған.

«Оқиға орнына ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші тобы дереу аттанды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Құтқарушылар канат жолы арқылы оқиға орнына көтеріліп, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының құтқарушыларымен бірлесіп зардап шеккен азаматшаға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Одан кейін ТЖМ қызметкерлер әйел адамды төмен түсіріп, медицина қызметкерлеріне тапсырды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...