Жамбыл облысында көршілердің істеген ісі елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1125

Жамбыл облысында көршілер арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Биыл қыркүйекте Шу ауданы Төле би ауылында Д. мен оның көршісі Б. арасында жанжал туындаған. Б. Д.-ға уақытша құрылыс құралдарын беруден бас тартқан. Осылайша жанжал төбелеске ұласқан, артынша Д. үстелде жатқан пышақты алып, Б.-ның іш тұсына сұғып алған.

Жәбірленуші ауыр жарақат алып, Шу қалалық ауруханасына жеткізілген.

Д. ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, тағайындалған жаза шартты деп танылды.

Үкім заңды күшіне енді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбиялық әнші Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Чоко департаментіне кенеттен келіп, бүлінген...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың оңтүстік-батысында толассыз жауған нөсер жаңбыр ауыр зардаптарға әкелді. Қатты жауын салдар...