Абай облысында 100-ге жуық көлік қар құрсауында қалды

Фото: kazinform

ЖАҢАЛЫҚТАР
1548

Абай облысында қатты боран салдарынан көліктер жолда қалып жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz kazinform.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

«Қазавтожол» ҰК мәліметіне сүйенсек, кеше сағат 23:00–ден бастап «Алматы-Талдықорған-Өскемен» тасжолының Таскескен ауылы мен Аягөз қаласы аралығындағы жол жабылды. 

Әуелі жүк көліктерінің, кейін жеңіл көліктердің қозғалысына тыйым салынды. Барлығы 100-ге жуық көлік қар құрсауында қалып қойған. Оларға көмектесу үшін 20-ға жуық ауыр техника жұмылдырылды, — делінген ақпаратта.

Жол қызметтері 60-тан астам көлікті қардан шығарды. Аягөз қаласына 3 автобус жеткізілді.

Жылыту пунктіне 77 адам, оның ішінде үш бала орналастырылды. 

Қазіргі уақытта Таскескен мен Аягөз арасындағы жол учаскесі әлі де жабық тұр. 

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...