Каспий теңізінде бір емес екі рет жер сілкінді

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2780

Жер сілкіністері бір-біріне жақын жеті сағаттық айырмашылықпен тіркелді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

lada.kz сайтының мәліметінше, бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеген. 

Мамандардың айтуынша, магнитудасы 3,1 болатын алғашқы жер сілкінісі 19 қазанға қараған түні, таңғы сағат 02:02-де тіркелген.

Дәл осындай магнитудадағы екінші дүмпу түскі сағат 11:39-да болды.

Екі жер сілкінісінің ошағы да 68 шақырым тереңдікте жатыр.

Бірінші эпицентрдің координаттары – 40°35′24 с.е, 51°40′48 ш.б. Екіншісі – 40°26′24 с.е, 51°55′48 ш.б. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы аулалардың бірінде бес жасар баланы тоқ соғып, ол ауруханаға түсті. Полиция сотқа дейін...

Өнер

Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, КСРО жән...