Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көсембай ауылында қатты жел соқты, деп хабарлайды madeniportal.kz. ...
Бүгін Мәжіліс министрлердің кандидатураларын қарастырады
Бүгін Мәжіліс комитеттері бейінді министрлердің кандидатураларын қарастырады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін депутат Александр Суслов мәлім етті.
«Жалпы, Парламент Мәжілісінің мүшелері Асқар Маминді өте жақсы біледі. Мамин мырза бұл лауазымда жұмыс істей алады деп ойлаймын. Оған көп мәселе байланысты болады. Себебі Президент халқымыз жақсы өмір сүруі үшін әлеуметтік саясат бағытында міндеттер жүктеп отыр. Оның кандидатурасына 106 депутат бірауыздан қолдап дауыс берді», - деді А.Суслов.
Сонымен қатар ол Мәжіліс комитеттері бейінді министрлердің кандидатураларын қарастыратындығын атап өтті.
«Меніңше, 9 министр. Әзірше оған қатысты пікір білдіре алмаймын», - деді ол.
Еске сала кетсек, бүгін ҚР Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты. Елбасы Парламент қарауына Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынған еді. Ал депутаттар Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.
Кейін Мемлекет басшысы Асқар Маминді ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.