Алматы облысында сенбі күні үш көлік көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды madenipor...
Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда
1491
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Бұл туралы Ақорда жазды.
"Қазақстан Президенті екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты қызметіне табыс, ал Бразилия халқына құт-береке тіледі", делінген ресми дереккөзде.