“Адамдар тірідей жанып кетті”: Белгісіз адам тұрғын үйді өртеді

Фото: Shot

ЖАҢАЛЫҚТАР
2457

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде 21 қабатты тұрғын үйде ірі өрт болып, салдарынан үш адам қаза тапты, тағы кемінде 11 адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полиция мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ  POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

SHOT Telegram арнасы таратқан мәліметтер бойынша, 60 жастағы ер адам тұрғын үйдің төртінші қабатына кіріп, пестицидтер бүріккішінен жасалған қолдан жасалған отшашқыш құрал арқылы өрт қойған. Өрттен қашпақ болған үш тұрғын терезеден құлап, оқиға орнында көз жұмған. Тағы 11 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған, оның бесеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Күдікті оқиға орнынан мотоциклмен қашып кеткен. Қазір оны жергілікті құқық қорғау органдары іздестіруде.

Соңғы мәліметке сәйкес, күдікті өрт кезінде қаза тапқан. Бұған дейін ол тағы бір тұрғын үйді өртемек болғаны анықталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желідегі парақ...

СПОРТ

Қазақстан футболының аңызы Самат Смақовтың ұлы Аламгир Смақов түркиялық атақты «Бешикташ&raquo...