Шығыс Қазақстанда аю әкімдік ғимаратына келді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1568

Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласында аю орталық алаңға кіріп, әкімдік ғимаратының жанынан бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұған дейін тұрғындар жануарды қаланың шетінде көргенін айтқан. Орман шаруашылығы инспекторлары бірнеше рет іздеуге шыққанымен, таба алмаған. Қала әкімдігі бейнежазбаның шын екенін растады.

Жергілікті билік тұрғындарға қауіпсіздік үшін кешкі сағат 18:00-ден кейін көшеге шықпауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, аюға жақындап, тамақ бермеуге шақырды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...