Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Дәулетұлы Тоқтағұлов мәдениет және ақпарат вице-м...
Италиялық ер адам абайсызда қоқысқа шамамен 540 миллион теңге тастап жіберген
Фото: facebook.com/nicolaroberto.toscano
Италияның Битонто қаласының тұрғыны лотереядан 1 миллион еуро (шамамен 540 миллион теңге) ұтып алды. Алайда өзінің қателігі салдарынан жүлдеден айырылып қала жаздады. Билетті ұтылыс деп ойлаған ол оны қоқыс жәшігіне тастап жіберген, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Tengri Travel жазды.
Бұл ерекше оқиға туралы Sanb компаниясының президенті Роберто Тоскано айтып берді. Аталған компания Битонто қаласында қоқысты шығару және тасымалдау жұмыстарымен айналысады.
Оның айтуынша, ер адам лотерея билетін сатып алып, оны арнайы тексеру аппараты арқылы тексерген. Экранда билеттің «төлем жасауға жатпайтыны» туралы хабарлама шыққан. Сатып алушы мұны ұтыс жоқ деп түсініп, билетті бірден қоқысқа тастаған.
Кейінірек мәселенің мәні мүлде басқа екені анықталды. Ұтыс сомасы соншалықты үлкен болғандықтан, аппарат оны әдеттегі тәртіппен рәсімдеп, төлей алмаған.
Ер адам қателігін түсініп, билетті сатып алған темекі дүкеніне қайта келгенде, қоқыс жәшігі әлдеқашан босатылып, ішіндегі қалдықтарды қоқыс таситын көлік алып кеткен еді.