Қайрат Сатыбалдының бұрынғы қонақүйі үш есе арзанға сатылды

e-Qazyna

ЖАҢАЛЫҚТАР
108

Алматыдағы бұрын Қайрат Сатыбалдыға қатысы болған DoubleTree by Hilton Almaty қонақүй кешені аукционда 12,4 млрд теңгеге сатылды. Сауда қорытындысы e-Qazyna электронды порталында жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

29 қазанда өткен аукцион бағаны төмендету әдісімен ұйымдастырылған. Нысанның бастапқы құны 38,3 млрд теңге, ал ең төменгі бағасы 8,9 млрд теңге болған. Саудаға екі қатысушы тіркеліп, қонақүй 12 384 291 448 теңгегесатылған. Бұл бастапқы бағадан шамамен үш есе төмен.

Қонақүй Алматының Алмалы ауданындағы Досмұхамедов көшесі, 115 мекенжайында орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы шамамен 16,2 мың шаршы метр. Сатушы ретінде Алматы қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті көрсетілген.

Сауда лотына жиһаздар, өзге де жылжымалы мүлік және Hilton брендін пайдалану құқықтары кірмеген.

Айта кетейік, қонақүй бұған дейін Қайрат Сатыбалды мемлекетке қайтарған активтердің қатарына енгізілген. Нысанды сату жөніндегі алдыңғы аукцион нәтижесіз аяқталған болатын.

Шоу-бизнес

Актер, Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаев бір жыл ішінде өмірінде болған өзгерістер мен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммитінде ұйымды институционалдық...