Павлодар облысында ер адамды топырақ үйіндісі басып қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Жазатайы...
Қазақстанның батысына алғашқы қар түсті
Фото: ЖИ
Қазақстанның батыс өңірлерінде күн күрт суытып, алғашқы қар жауды. Ақтөбе облысы мен көршілес аймақтардың тұрғындары қар басқан көшелер мен тасжолдардың видеоларын әлеуметтік желіде бөлісе бастады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әсіресе Хромтау және Мәртөк аудандарында қар қалың түскені байқалады. Желіде тараған кадрлардан елді мекендердің көшелері, аулалар мен жол жиектері ақ ұлпаға оранғанын көруге болады.
Синоптиктер Ақтөбе облысында жауын-шашынның жаңбыр мен қар түрінде мол түсуі ықтимал екенін ескертті. Сондай-ақ солтүстік-батыс пен батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты полиция жүргізушілерді жолда барынша сақ болуға шақырды. Температураның төмендеуінен кей учаскелерде жол беті тайғақ болып, көлік қозғалысына қауіп төнуі мүмкін.