Бұрынғы сенатор Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
681

Бұрынғы Сенат депутаты, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Геннадий Шиповских Samruk Signal Systems компаниясы бас директорының стратегиялық даму және коммуникациялар жөніндегі орынбасары қызметіне кірісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Өмірімдегі жаңа белес! Еңбек жолымның жаңа кезеңін жеке секторда жалғастырып жатырмын! Енді Samruk Signal Systems компаниясында бас директордың стратегиялық даму және коммуникациялар жөніндегі орынбасары қызметін атқарамын», – деп жазды Шиповских.

Ол алдағы уақытта компанияның бас директоры Әбілқайыр Олжабаевтың басшылығымен жұмыс істейтінін жеткізді.

«Жаңа орта, жаңа мүмкіндіктер, жаңа мақсаттар! Алла сәтін салсын!» – деп толықтырды ол.

Айта кетейік, Геннадий Шиповских бұған дейін Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаты болған. Енді ол еңбек жолын жеке секторда жалғастырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жасөспірім алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Оқиға Петровка ау...

ЖАҢАЛЫҚТАР

“Самұрық-Қазына” қорына жаңа басшы келеді. Бұл туралы Премьер-министр әрі қордың директо...