Қазақстанда қандай дипломмен жұмыс табу оңай

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1691

Өткен жылы «Информатика және робототехника» бағыты бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектерінің – 98% барлығы дерлік жұмысқа орналасты, деп хабарлады madeniportal.kz ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Жұмысқа орналасу жеңілдігі бойынша топ-4 мамандандыруға техникалық физика (95%), пайдалы қазбаларды байыту (93%) және жалпы медицина (92%) кірді. Орта есеппен түлектер 3,3 ай жұмыс іздеді.

Өңірлік бөліністе түлектердің көпшілігі Алматы облысында жұмысқа орналаса алды (90%). Бұдан әрі ШҚО мен СҚО сәйкесінше 86 және 84% көрсеткіштермен орналасты.

Бұл деректерді «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы түрлі салалардан 100 сарапшының көмегімен құрастырған жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингінен алды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...