«Құндыздың қол-аяғы байланған фотосы тарады»: Руслан Өтепбай шұғыл хабар айтты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
831

Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде тараған Құндыздың жағдайына қатысты алаңдаушылық білдіріп, Тараз қаласының құзырлы органдарын мәселені назарға алуға шақырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде Құндыздың қолы мен аяғы, аузы скочталған фото таралып жатыр. Осы жайттың анық-қанығын білу үшін журналист баланың қамқоршысы Зүльфиямен байланысқа шыққан.

Алайда, оның айтуынша, қамқоршының жауабы күмән тудырады.

«Байлаған мен емес деп ақталып жатыр. Бірақ әңгімесі қисынға келмейді. Мен сенбеймін», – дейді журналист.

Осыған байланысты Руслан Өтепбай Тараз қаласының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары мен полиция департаментін аталған жағдайды назарға алуға шақырды.

Сонымен қатар журналист бұл істі жеке бақылауына алатынын айтып, жақын арада Тараз қаласына жолға шығатынын мәлімдеді.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...