Қазақша қызмет сұраған азаматқа тіл тигізілді – Жетісудағы дау

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1468

Жетісу өңірінде «Ostrov-ok.kz» демалыс базасының әкімшісінің “клиентпен” хат алмасуы әлеуметтік желіде шу тудырып, назардан тыс қалмады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл суреттердегі жауаптан ұлтаралық өшпенділік белгілерін байқаған.

Threads пайдаланушылары клиент пен орталық әкімшісі арасындағы хат алмасуды жаппай таратуда. Ол суреттердегі мәтіндерде тілге байланысты кемсітушілік бар деген пікірде. 

Дау-дамай демалыс орталығына қазақ тілінде хабарласқан клиенттің орысша жауап алуынан кейін басталған. Хабарласқан клиенттің мемлекеттік тілде жүргізу туралы өтінішіне әкімші былай деп жауап берген: 

«Бізсіз, орыстарсыз сіздің мемлекетіңіз қайда болар еді?
Тәуелсіздік алған кезде, бүкіл үкіметіңіз халыққа тіл үйретпегеніне біз кінәліміз бе?». 

Хат алмасудың скриншоттары әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads сайтында тез тарады, онда қолданушылар база өкілін ұлтаралық өшпенділікте айыптап, наразылықтарын білдірді. Көбісі 2GIS және eOtinish платформалары арқылы шағым түсіріп қойғанын айтты. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...