Жасы 60-тан асқан Айжан Нұрмағамбетова ел күтпеген мәлімдеме жасады

ЖАҢАЛЫҚТАР
7147

Жасы алпыстан асқан Айжан Нұрмағамбетова q-поп жанрында ән орындауды армандайтынын айтты деп жазады "Хит-Тв" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасына сілтеме жасаған "Мәдениет порталы".

Көпшілік "q-поптың анасы" санайтын әнші жаңа бағыттағы өнердің өзіне ұнайтынын жеткізді.

"Жаңашылдыққа менің жаным құмар. Өнер адамы үнемі солай болу керек. Ерекше стиль, әдемі әуен өнердің белгілі бір кереметі. Мен де "q-поп жанрында ән айтсам ба" деп ойлаймын.

Қазіргі уақытта біз қандай ән айтқымыз келсе де өз қолымызда. Сондай уақыт. Не киіп, қалай жүреміз, бұл - бірінші кезекте өзіміздің таңдауымыз.

Q-попты әлем мойындаған. Мен де мойындаймын. Ел сахнасында осы жанрда жақсы ән айтып жүрген әншілер жетерлік", - дейді Айжан Нұрмағамбетова

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Щучинск қаласындағы кафеде болған жарылыстан тоғыз а...

MADENI TV

Елордада «Жайдарман» жастар лигасының өкілдері Қазақстан Республикасы Конституциясының ж...