Елордада Satbayev University жаңа кампусының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz....
Дариға Бадықова Олжас Абайдың үйленуге қалай сөз салғаны туралы айтты
Фото: ЖИ
Актриса Дариға Бадықова актер Олжас Абаймен қарым-қатынасы қалай басталғанын және оның үйленуге қалай ұсыныс жасағанын әңгімеледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесінің айтуынша, олардың таныстығы бірден махаббатқа ұласпаған. Алғашында екеуін жұмыс пен түсірілім алаңы ғана байланыстырған. Екеуі де мінезді, өз талғамы мен қалыптасқан әлемі бар адамдар болғандықтан, ортақ тіл табысу оңайға соқпаған. Жиі сөзге келіп, бір-біріне жол бергісі келмеген. Уақыт өте келе ғана эмоцияға ермей, мәселені ақылмен шешуге үйренген.
Актриса ренжісіп қалған кездерінде Олжастың сақина, сырға немесе гүл сыйлап, татуласуға қадам жасайтынын жеткізді. Дегенмен араларында бір-бірін әлеуметтік желіде бұғаттап тастаған сәттер де болған. Бадықованың сөзінше, оларға махаббат та, отбасын құру туралы шешім де оңай келмеген. Екеуі де жауапкершіліктен қорқып, бір кездері қарым-қатынасты тоқтатуға келіскен.
Алайда екі жаққа кеткенімен, бірін-бірі ұмыта алмаған. Актриса Олжас екеуінің бір-біріне қиындықта сүйеу болуды үйреткенін, сондықтан ажырау екеуіне де ауыр тигенін айтты. Сол кезеңде олар екі қалада жүрген. Дариға көңілін басқаға бұрып, сүйіктісін ұмыту үшін Балиден Дубайға ұшқан.
Дубайдан қайтатын күні таңертең Олжас хабарласып, жағдайын және қашан оралатынын сұраған. Актриса алғашқы хабарламаға жауап бермеген. Екі сағаттан кейін актер оны қатты сағынғанын жазған. Дариға дәл осы сөзді күткенін, содан кейін билет алып, ұшып келгенін жеткізді.
Актрисаның айтуынша, елге оралған күні Олжас оған сырға сыйлап, үйленуге ұсыныс жасаған. Осылайша, талай реніш пен күмәнді бастан өткерген жұп бірге болуға шешім қабылдаған.