Желіде Таразда ер адамның әйелді баланың көзінше ұрып-соққаны және оған агрессивті әрекеттер жасаған...
Семейде көшенің ортасында ер адам соққыға жығылды
Фото: видеодан скриншот
1499
Семейде көшенің қақортасында ер адам соққыға жығылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Семейде қаланың орталығында болған түсініксіз жәйтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ол видеодан орталық полиция бөлімшесі мен өрт сөндіру бөлімінің маңында ер адамды аяусыз соққыға жыққан сәтті көруге болады.
Бейнежазбада жол белгісінің жанында асфальтта жатқан ер адамды жанындағы үш адамның соққыға жығып жатқаны анық байқалады.
Біреуі жәбірленушіні ұстап тұрса, екіншісі аяғынан тартқан. Қатысушылардың бірінің қолында пышаққа ұқсас зат байқалады. Біраздан кейін бір ер адам келіп, жанжалды тоқтатпақ болады.
Абай облыстық полиция департаменті оқиғаны растады.