“Дәрігердің салғырттығы”: Астанада жүкті әйел ауруханада 1,5 сағат қансырап, сәбиінен айырылды

Фото: Envato

ЖАҢАЛЫҚТАР
1748

Елордалық ауруханада жүкті әйел медицина қызметкерлерінің салғырт жұмысының кесірінен баласынан айырылып, көп қан жоғалтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Екі күн бұрын науқас жүктілікті үзу қаупімен №2 облыстық ауруханасына түскен. Бүгінде оның жағдайы күрт нашарлап қан кете бастады. Шұғыл жағдайға қарамастан, куәгерлердің айтуынша, 1 сағат 45 минуттан кейін ғана медициналық көмек көрсетілген. Салдарынан әйел баласынан айырылды.

Медициналық мекеме бұл дерек бойынша қызметтік тергеу басталғанын, оның қорытындысы бойынша шара қабылданатынын хабарлады.