Шымкентте автобус жүргізушісін ұрып-соққан 17 жастағы жасөспірім ұсталды, деп хабарлады Мadeniportal...
Анасын іздеген белгиялық Жәнібекке қатысты тың дерек шықты
ашық дереккөзі
23 жастағы Жәнібек Савельев биыл қыркүйекте Қазақстанға келе алмауының себебін түсіндіріп, бұл туралы әлеуметтік желідегі оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
Бұл туралы malim.kz жазды.
"Армысыздар, менің қымбатты отбасым! Қалдарыңыз қалай? 2026 жылға да таяп қалдық. Биыл көп адам маған: "Неге қыркүйекте Қазақстанға келмедің? "деп сұрады. Осы сұраққа жауап бергім келеді. Бірақ алдымен – не үшін барғым келгенін айтайын. Қазақстан – біздің тамыры терең ел, табиғаты таңғажайып, мәдениеті бай. Халқымыз өз Отанын көбірек танып-білгенін қалаймын. Сол үшін түрлі өңірлерді аралайтын сапар ұйымдастыруды жоспарладым. Туған жерді өз көзіммен көріп, бұрын байқамаған қырларын ашқым келді. Өкінішке қарай, сапарды бірге ұйымдастырмақ болған компания қонақүй мен жол шығындарына әділ баға ұсына алмады. Соның салдарынан турға тіркелушілер саны жеткіліксіз болды. Бұл жағдайдың маған ауыр тигені рас. Себебі мен шын ниетпен елге оралып, сіздермен кездескім келген", – деп жазды Жәнібек.
Ол бұл жағдайды тәжірибе ретінде қабылдағанын айтып, болашақта саяхат ұйымдастыру идеясынан бас тартпайтынын жеткізді.
"Қымбатты отбасым, туған жерім, сіздермен жуық арада жүздесемін деп үміттенемін. Алдағы уақытта менімен бірге Қазақстанның табиғаты мен мәдениетін зерттеуге қалай қарайсыздар?" – деп аяқтады ол жазбасын.