Екібастұзда жасөспірім жұмбақ жағдайда жоғалды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2463

Екібастұзда түнде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен оқушы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Павлодарлық еріктілер жоғалған 9-сынып оқушысына қатысты ақпарат жариялады. Іздеу жұмыстарына полицейлер, құтқарушылар және өңір тұрғындары қатысып жатыр.

"Полицияға 2009 жылы туған 9-сынып оқушысы Тамерлан Алданышұлы Өмірбаевты іздеуге көмек сұрап, туыстары жүгінген. Кәмелетке толмаған бала 22 қарашада түнгі сағат үш шамасында Әуезов көшесі, 157 мекенжайындағы үйден шығып кетіп, қайта оралмаған", - деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жасөспірімнің бойы – 170-180 сантиметр, орта денелі, шашы қою қоңыр, көзі қоңыр, сол жақ бетінде қал бар. Үстінде ашық қоңыр-қара күрте, қара джинсы, бас киім және кроссовка болған. Жанында ұялы телефоны болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...