Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1069

ТЖМ мен «Қазгидромет» 16–18 мамыр аралығында еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыз болатынын ескертеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Негізгі қауіптер:

• Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында күндізгі температура +40…+43°C дейін көтеріледі.

• Көптеген өңірлерде жауын-шашынсыз кезең жалғасады.

• Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

• Түркістан облысында шаңды дауыл мен екпінді жел (15–28 м/с) болады.

 • Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында найзағай, бұршақ және тұман болады деп болжанды.

Нақты өңірлер бойынша:

Түркістан облысы мен Шымкент қаласында 15–17 мамырда күндіз +40…+43°C қатты ыстық, 17 мамырда шаңды дауыл және желдің екпіні 23–28 м/с дейін жетеді.

Алматы, Жетісу, Жамбыл облыстарында 14–16 мамырда +35…+41°C аптап ыстық, таулы аудандарда найзағай күтіледі.

Ұлытау, Қарағанды, Абай, ШҚО облыстарының оңтүстігінде 15–18 мамырда +40°C дейін өте қатты ыстық болады.

Ақмола, СҚО, Павлодар облыстарында найзағай, бұршақ, тұман және желдің екпіні 15–20 м/с дейін күтіледі.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...