Қазақстан Лихтенштейннің қақпасына қатарынан екі гол соқты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1400

Астанада Қазақстан мен Лихтенштейн құрамасының матчы басталды. Қазақстан Лихтенштейннің қақпасына қатарынан екі гол соқты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Лихтенштейнмен кездесіп жатыр.

Бірінші голды Ғалымжан Кенжебек, екінші голды Бахтиёр Зайнутдинов салды.

Қазақстанның ең қымбат футболшысы Зайнутдинов жарақатынан соң, алаңға қайта оралды. Ұлттық құраманың капитаны Нұралы Әліп болды.

Лихтенштейннің де негізгі құрамы жарияланды. Кеше олардың бапкері тізімдегі бес ойыншы ғана кәсіби ойыншылар екенін айтқан еді.

PESTEL

Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі екі әуежай шабуылға ұшырап, үш адам жеңіл жарақат алды. Йемендегі ху...

Шоу-бизнес

Мектептегі ақша жинау, мұғалімге сыйлық беру мәселесі ата-аналар арасында жиі пікірталас тудыратыны...