Алматыда метроның астына құлап кеткен жігітті бейтаныс бойжеткен құтқарып үлгермей қалған (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
637

Осыдан екі күн бұрын, 10 желтоқсан күні Алматыда зағип жігіт метроның астына құлап кетіп, мерт болған еді. Бүгін әлеуметтік желідегі бейнекамералардың видеосы тарады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Видеода метроның Абай станциясына келіп тоқтаған кезі. Вагонның ішінен бір топ адам шығып, бірнеше жолаушы кіреді. Зағип жігіт метроның есігін таба алмай, оны жағалап тұрған. Оны метроның есігі жабылып жатқанда байқаған бейтаныс бойжеткен жөн сілтемек болады. Бірақ, бір сәтке артына қарап, жігітке қарай енді бұрыла бергенде ол метроның астына құлап кеткен. Бойжеткен бірден айқайлап көмек сұрағанын байқауға болады.

«Аталған дерек бойынша тергеу басталды. Оқиға салдарынан 26 жастағы зағип жігіт көз жұмды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», - деп хабарлаған еді полицияның баспасөз қызметі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Пхукет провинциясындағы Майтон аралының маңында туристер отырған катерде жарылыс болды, деп хабарлад...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Мәдина Сәдуақосва жаңа әннің тұсауын кесті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. Әнші әлеуме...