Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларды қолдау үшін Италияға барды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2998

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан лицензиялық турнир өтіп жатқан Бусто-Арсициоға (Италия) барды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Аталған сында 2024 жылғы Олимпиада ойындарына барлық салмақта лицензия ойнатылып жатыр. Турнирде ерлер мен әйелдер командасы бақ сынауда.

ҰОК басшысы шешуші жекпе-жектер кезінде қазақстандық боксшыларға қолдау көрсетеді. Бұл Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті қызметіне сайланғалы бергі алғашқы ресми сапары.

Айта кетелік, 9 наурыз күні үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты. Валентина Хальзова ширек финалға жолдама алып үлгерді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістанда 54 жастағы әйел күйеуінің пышақ жарақатынан көз жұмды. Қайғылы жағдайды алғаш болып ерлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...