Бұл туралы әншінің жұбайы әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан сүйінші сұрап жазды. Танымал ән...
Депутат Нұрлан Әуесбаев: Еліміздегі ірі қалаларға қоныс аударушылар саны шамамен 2 есе өсті
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Мәжіліс отырысында депутат Нұрлан Әуесбаев Қазақстанның барлық өңірінен халықтың көшуіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz Halyq Uniтілшісіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, биыл алғашқы жартыжылдықта республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда, өңірлерде халық саны көші-қонның кесірінен азайған.
Еліміздегі ірі қалаларға қоныс аударушылар саны шамамен 2 есе өсті. Үш өңір – СҚО, Абай және Жетісу облыстарында тұрғындар санының азаюы ерекше назар аудартады. Соңғы 20 жылда СҚО халқы бір рет те өскен жоқ, - деді депутат.
Оның пікірінше, қазақстандықтар жақсы өмір іздеп, мегаполистерге көшіп, жұмыссыздыққа тап болып жатыр. Сондықтан ол Алматы, Астана және Шымкент қалаларын аумақтық тұрғыда кеңейткенмен, әр қаланың өз сыйымдылығы бар екенін атап өтті.
Аумақ бойынша біз Алматы, Шымкент және Астананы кеңейте аламыз, бірақ табиғи ресурстар шексіз емес. Ғалымдардың есептеуінше, Шымкент қаласының демографиялық сыйымдылығы 600 мың адамнан аспайды, Алматы үшін 1,2 млн, Астана үшін 1 миллионнан сәл артық, - деді Нұрлан Әуесбаев.