Руслан Берденовке жасалған шабуыл: қылмыстық іс екі бап бойынша қозғалған

Фото: orda.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2077

Руслан Берденовке жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс екі бап бойынша қозғалған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, әкім орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықты тергеу Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жүріп жатыр. 

Олар:

- ҚК 24-бабы 3-бөлігі — Қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа оқталу деп танылады. 

- ҚК 99-бабы 2-бөлігі 6-тармағы — басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған кісі өлтіруге оқталу. 

Аталған қылмыстар үшін 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жаза мүлікті тәркілеумен немесе тәркілеусіз сот шешімімен тағайындалады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...