ДИМАШ НЬЮ-ЙОРКТЕ ҮЛКЕН ШОУ ЖАСАМАҚШЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2928

Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін беруді жоспарлап жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистермен болған кездесуде мәлімдеді. 

Министр концерттің өтетін күнін американдықтармен жүргізілетін келіссөздерден кейін белгілі болатынын айтты.

 – Біз қазір Димаштың жеке концертінің жобасын әзірлеудеміз. Бұл жолғы өтетін шоудың ауқымы кең болғанын қалаймыз.  Нью-Йорк шаһарының ең үлкен кешендерінің бірінде, бәлкім «Мэдисон-сквер-гарден» залында өткіземіз, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Министр сондай-ақ, келіссөздердің оңай болмайтынын ескертті.

 – Бастысы, Димаштың үлкен концерт өткізуге ниеті бар. Жобамен 15 мың көрерменге, әйгілі орындаушылардан кем түспейтін шоу жасауға тырысамыз. 

Айта кетейік, наурыз айының 22-23 күндері Димаш Мәскеуде жеке концертін ұсынатын болады.

А.Ахметқазы

aikyn.kz  

author

​Димаш Құдайберген

ӘНШІ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...