Маңғыстау облысында Toyota Camry жеңіл көлігі мен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысып, төрт ад...
Египеттегі шоуда туристі кобра шағып өлтірді
ашық дереккөз
Египеттің ең танымал курорттарының бірі – Хургадада ойын-сауық шоуы кезінде турист қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға сәуір айының басында болғанымен, оның мән-жайы енді ғана белгілі болып отыр. 57 жастағы Германия азаматы туыстарымен бірге демалып жүріп, жылан үйретушілердің өнерін тамашалауға барған.
Бавария полициясының мәліметінше, шоу барысында әртістер көрермендерге кобралармен байланыс орнатуға мүмкіндік берген. Тіпті жыландарды олардың мойнына іліп, жақыннан көрсетуге тырысқан. Сол сәтте бауырымен жорғалаушылардың бірі туристің киімінің ішіне кіріп кетіп, аяғынан шағып алған.
Куәгерлердің айтуынша, ер адамда уланудың белгілері тез байқалған. Оған сол жерде алғашқы көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Қазір Германияның құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін токсикологиялық сараптама нәтижелері күтілуде.