Димаш Құдайберген батыр бейнесінде жанкүйерлерін тәнті етті

Ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1358

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа образда көрініп, жанкүйерлерін таңқалдырды. Әлеуметтік желіде ол батыр кейпіндегі видеосын жариялап, ел назарын бірден өзіне аударды, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Киелі сахна мен халықаралық аренаны бағындырған Димаш бұл жолы ұлттық рухтағы, эпикалық стильде түсірілген бейнежазбасымен ерекшеленді. Батырлық образ, қазақи киім мен рухты музыка – барлығы бір арнада тоғысып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Желі қолданушылары бірден пікірлерін жаудырып:

«Нағыз қазақ батыры!», «Димаштың әрбір қадамы – өнерге қосқан үлес», «Ұлттық болмыс пен заманауи стильдің керемет үйлесімі» – деп жазды.

Бұл жаңа клиптің видеосы ма, әлде концептуалды жоба ма – әзірге белгісіз. Бірақ тыңдармандар Димаштан ресми жаңалық күтіп отыр.

Бұл видео Димаштың тек әнші ғана емес, ұлттық құндылықты насихаттаушы тұлға екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

@madeniportal.kz Димаш Құдайберген батыр бейнесінде – жанкүйерлерін тәнті етті! Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа образда көрініп, жанкүйерлерін таңқалдырды. Әлеуметтік желіде ол батыр кейпіндегі видеосын жариялап, ел назарын бірден өзіне аударды. #димаш #димашкудайберген #dears #dimash #dimashkudaibergen ♬ оригинальный звук - 𝐌𝐮𝐅𝐜𝐊𝐳🇰🇿

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...