"Төрт адам қайтыс болды": Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
55

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында орын алған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД жазды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Ақтөбе–Орск автожолында Opel маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде, болған жағдайдың барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағына шығуға жол бермеуге шақырады. Мұндай әрекеттер көбіне ауыр зардаптарға әкеп соқтырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты "Qazaq Airan" YouTube арнасы жаңа деректе...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Камчыбек Ташиев Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Қырғызстанның Ұлттық қ...