Дипломат әйелін ұрған: Сәкен Мамашқа қатысты іс сотқа жетті

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1493

Бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты іс Астананың ауданаралық қылмыстық сотына түсті, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Ол бұрынғы әйелі Карина Мамашқа күш қолданды деп күдікке ілінген. Бұл ақпаратты соттың баспасөз қызметі растаған.

Сот процесі 29 мамырда өтеді. Сонымен қатар, Сәкен Мамаштың қамау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды.

2024 жылғы мамырда Сәкен Мамаштың бұрынғы әйелі оның өзін және қонаққа келген әпкесін ұрып-соққанын мәлімдеген. Осыдан кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі оны БАӘ-дегі қызметінен кері шақыртты. Өткен жылдың 9 мамырында жәбірленуші Астанаға оралған. Қауіпсіздік мақсатында Карина балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылған.

Кейінірек Сәкен Мамашқа ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы ("Азаптау") бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатыны хабарланған еді.

2023 жылғы қазанда Карина Мамаш ажырасқанын ресми түрде жариялады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...