Бішкектің Бірінші май аудандық соты «75-тің хаты» деп аталатын қылмыстық іс бойынша үкім...
Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Димаш өнер көрсетеді
Сурет: Ашық дереккөзден
3359
Күзде Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Димаштың концертімен жабылады, - деп хабарлайды madeniportal.kz.
Әнші С.Айтбаева барша оқырмандарын ойындар соңында болатын концертке шақырды.
"Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық басталып кетті. Бұйыртса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз. Көшпенділер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда керемет кездесулер, тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар...
"Келеді барлық әлем Астанаға,
Қонады Астанаға барша құстар!" деген әнімізбен баршаңызды күтеміз!”, - деп жазды Димаш Құдайбергеннің анасы С.Айтбаева.