Танымал діни лидер көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1766

Түрік діни лидері Фетхуллах Гүлен қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фетхуллах Гүлен мен Түркия президентіні Режеп Ердағанның арасында өзара келіспеушіліктер бар. Гүлен алғаш, 1960-жылдардың соңында, Измир мешітінде шешен уағызшы ретінде танылды. Ол 1999 жылы қысымға ұшырап, мемлекеттің зайырлы сипатын өзгерту үшін төңкеріс жасамақ болды деген айыппен қуғындалды. Бұл айып дәлелденбеді, бірақ ол АҚШ-та қалып қойды.

Гүлен әлемдегі ең ірі діни қоғамдық ұйымның бірін басқарады. Ол басқаратын "Хизмет" қозғалысына миллиондаған адамдар мүше және қозғалыс 150 елде мыңға жуық білім орнын қаржыландырып отыр. Ол білім орталықтары мектеп түлектерін университеттерге түсуге әзірлейді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...