«Жақсы көретінімді айтқым келді»: Алматыдағы тұрғын үйдегі өрт кезінде қызы анасына хабарласқан (ВИДЕО)

видеодан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
207

Lamiya тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде пәтер ішінде қою қара түтіннің ортасында қалған екі қызды өрт сөндірушілер құтқарған. Оқиғаның мән-жайын қыздардың бірінің анасы Threads желісінде баяндады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әйелдің сөзінше, шамамен сағат 23:00-де қызы оған қоңырау шалып, күтпеген жерден жылы сөз айтқан.

«Қызым қоңырау шалып: “Анашым, мен сені жақсы көретінімді айтқым келді” деді. Алғашында ақша керек шығар деп ойладым. Сөйтсем, дәл сол сәтте ол құрбысымен бірге пәтерде қара түтінге тұншығып жатқан екен», – деп жазды ол.

Анасының айтуынша, қызы артынша «Анашым, сөйлей алмаймын, айналаның бәрі түтін» деп телефон тұтқасын қойған. Осыдан кейін ол біраз уақыт қоңырауларға жауап бермеген.

Белгілі болғандай, қыз анасымен сөйлескеннен кейін өрт сөндірушілерге хабарласып, пәтердің нөмірін айтқан. Қою түтін мен қараңғылықта қалған екі қыз үй жануарларын алып, гардероб бөлмесіне тығылған. Олар дымқыл сүлгі арқылы тыныстауға тырысқан.

Біраз уақыттан кейін қыз анасына қайта қоңырау шалып, өрт сөндірушілердің өздеріне жеткенін және қауіпсіз жерге алып шыққанын хабарлаған.

Оқиғаның нақты себептері мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат әзірге бұл жазбада айтылмаған.

PESTEL

Жапонияда ер адам жеті жастағы ұлын Фудзи тауындағы туристік соқпақта жалғыз қалдырып, басқа баласым...

Шоу-бизнес

Танымал тележүргізуші әрі продюсер Динара Сәтжан шаңырақ көтерген ұлы Даниял Үскенбайға отбасылық өм...