Бүгін Түркістанға жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті жұртшылықпен к...
“Дұға ету рәсімін жасаған”: 26 адамның өліміне себеп болған адам ұсталды
Фото: Yonhap
3345
Оңтүстік Кореяда жойқын орман өрттерін тудырды деген күдікпен 56 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
«Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 22 наурыз күні сағат 11:25 шамасында Ыйсон уезінде ер адам отбасы мүшелерінің қабіріне арнап дұға ету рәсімін өткізген. Сол кезде ол байқамай от тұтатып, өрттің таралуына себепкер болған», — делінген материалда.
Өрт құрғақ ауа райы мен қатты желдің әсерінен тез таралып, Андон, Чхондон, Йонъян және Йондо қалаларына жеткен. Оқиға салдарынан Солтүстік Кенсан провинциясында кемінде 26 адам қаза тапты. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.