Ақмола облысында ауыл тұрғыны туыстарына несие рәсімдеп жібергені анықталды, деп хабарлайды madenipo...
11 мамырда Қазақстанның сегіз облысында үсік жүреді
ашық дереккөз
Дүйсенбі, 11 мамыр күні Қазгидромет болжамына сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ел бойынша жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болжанып отыр.
Тек республиканың солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында солтүстік-батыс антициклоны сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең батыс өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысында, Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде, Қарағанды облысында, Қостанай облысында, Ақтөбе облысы мен Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, сондай-ақ Абай облысының батысында 1-6 градус үсік жүреді деп күтілуде.