Бас прокуратура Шерзат Болаттың өлімі мен үйінің өртенуіне қатысты жедел-тергеу тобын құрды

Фото: Қойшыбек Мүбарак

ЖАҢАЛЫҚТАР
4995

Бас прокуратурада Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 12 қазанға қараған түні, түнгі сағат 02:00 шамасында Талғарда әлдекімдер марқұм Шерзат Болаттың үйін өртеп кеткен. Өрт сөндірушілер өртті сөндіргенмен үйдің сау тамтығы қалмаған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...