Токсикоздан емделуге барып, жүкті әйел мүгедек болып қалды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
365

Жамбыл облысында токсикоздан емделген жүкті әйел мүгедек болып қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сот ауруханадан зардап шеккен науқастың пайдасына өтемақы өндіріп алды. 

Келіншек жүктіліктің 10-шы аптасында аудандық ауруханада «ерте токсикоз» диагнозымен ем алған. 

«Ауыр жағдайына қарамастан, оған толық көлемде және клиникалық хаттамаларға сәйкес медициналық көмек көрсетілмеген. Мерзімінен бұрын шығарылғаннан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, осыған байланысты ол облыстық ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған, медициналық көрсеткіштер бойынша жүктілік үзілген», - делінген сот материалында.

Кейіннен әйелге III топтағы мүгедектік белгіленді.

Сот шешімімен жауапкерден әйелдің пайдасына 246 мың теңге көлемінде материалдық залал, моральдық зиянның өтемақысына 5 млн теңге, өкілдің қызметтерін төлеуге жұмсалған шығыстар үшін 300 мың теңге өндірілді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері мегаполис тұрғындарына үндеу жасап, маңызды қ...

Шоу-бизнес

"Әлем аруы – 2026" халықаралық сұлулық байқауына Қазақстан атынан Miss Qazaqstan 2024 титулыны...