Екі сутенер әйел 14 жасар қыздың тәнін саудаға салып, есірткімен улаған

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
666

14 жасар қырғыз қызы Алтынайды (аты өзгертіліп алынды) екі әйел бірнеше ай құлдықта ұстаған. Олар кәмелеттік жасқа толмаған қызды жезөкше ретінде сатып, қарсылық танытпауы үшін ұрып-соғып, есірткі берген, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Stan.kz жазды.  Қыз сутенер әйелдерден қашып құтылғанымен, кінәлілер лайықты жазасын алмаған. Айыпталушылардың бірі 100 мың сом (591 мың теңге) айыппұл төлеп құтылып кеткен. Қазір заңгерлер істі қайта қарап жатыр. Алтынай бір жыл бұрын отбасымен Бішкекке көшіп келген. Анасы Динара қызының өзінен 10 жас үлкен қызбен танысқанын айтады. Қыз құқық қорғаушыларға жалғызсырағанын, ал жаңа танысы оған көңіл аударып, қолдау білдіргенін айтқан. Кейін ол қызды үйден қашып кетуге үгіттеген.

"Қызым жалғыз қалған. Кейін ол сол қыздарды, әлгі жеңгетайларды кезіктірген. Олардың бірі – Айка, Айнагүл оған: "Сенің барлық шығыныңды өзім көтеремін, бас-көз боламын, полицияда таныстарым бар, сен үшін бәрін істеймін" деген. Осылайша қызымды қармағына түсірген. Алайда 5-6 күннен кейін ол қызыма 20 мың сом қарыз екенін, сол ақшаны жұмыс істеп табуы керек екенін айтқан. Сөйтіп қызымды сата бастаған", – дейді жәбірленуші қыздың анасы Динара.

Анасының айтуынша, олар қызын пәтерге алып барып, күзетпен ұстаған және ер адамдарға интим қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Жезөкшелікпен айналысудан бас тартқан қызды отбасын танитынын айтып қорқытқан. Алтынай бірнеше рет қашуға әрекеттенген. Осы жайттан кейін сутенер әйелдер қарсылық танытпауы үшін оны есірткімен ұстаған.

"Оған "тұз", "тропик", анаша сияқты есірткі түрлерін берген. Осылайша жезөкше болуға мәжбүрлеген. Ақшаны өздері (сутенерлер) алып отырған. Оны түрлі клиентке сатқан, апарған. Ол клиенттерге жалынған, 14 жаста екенін айтып көмек сұраған. Бірақ клиенттер оған көмектеспеген. Осылай жалғаса берген", – дейді жәбірленушінің анасы. 

АЙМАҚТАР

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 27 сәуірде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысындағы Оймаша ауылында (бұрынғы Приозерный) орналасқан көлдің ластану қаупі төніп т...