Жетісуда жантүршігерлік жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2833

Жетісу өңірінде жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Оқиға Текеліде болған. Тоқтап тұрған көлікпен соқтығысқан шетелдік көліктің дөңгелегі астында 48 жастағы әйел қаза тапты.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Nissan Renessa және Mitsubishi Galant көліктері соқтығысқан.

“Nissan Renessa көлігінің 44 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Mitsubishi Galant автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан көлік инерциямен жаяу жүргіншіні қағып өткен. Ол, өкінішке қарай, сол жерде қайтыс болды. Құқықбұзушының көлігі арнайы тұраққа жеткізілді”, - деді Жетісу облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...