Атыраудағы оқиға: Ақбаян тергеушіге не айтқаны белгілі болды

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
3080

Атырауда бүтін бір отбасыны өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот жуырда ғана басталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қылмыстық істі тергеген Атырау облысы полиция департаменті тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Темірхан Қажымұратов Kursivmedia.kz журналистіне сұхбат берген. 

Оның айтуынша, жалпы 40-тан аса адамнан жауап алынған. Ішінде ағайын-туыс, көршілері де бар.

Тергеушінің сөзінше, елге жеткізілген соң Ақбаянды медициналық ұйымға орналастыру туралы шешім қабылданған.

«Күдікті деп танудың басты мақсаты – қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау. Тексеру барысында қылмысқа қатысы жоғы анықталды. Сол себепті Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды», – дейді Темірхан Қажымұратов.

Алматыға жеткізілген кезде Сәрсемәлиев қылмыс жасағанын бірден мойындаған. Ал Ақбаян Мұқанғалиева сұраққа жауап бере алмаған.

«Мұқанғалиевамен сөйлесу барысында психикалық ауытқу бар екені байқалды. Сол себепті тергеу әрекетін өткізуге мүмкіндік болмады. Сұраққа толыққанды жауап бере алмады», – дейді тергеуші. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын Серікзат Дүйсенғазы әлеуметтік желіде өмірден мезгілсіз өткен ұлына туралы жазба жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында көшелердің бірінде автокөлік өртенді. Қызмет орнына бара жатқан СОБР қызметкерлері...