Екібастұзда көлік нөмірін картонға қолмен жазып алған жүргізуші ұсталды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
721

Екібастұзда полицейлер мемлекеттік нөмірдің орнына ерекше тақтайша тағылған көлікке назар аударды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, жүргізушінің мемлекеттік нөмірдің көшірмесіне ақша шығарғысы келмегенін анықтады. Ол нөмірді өзі жасап алған – кәдімгі картон қағазға қара маркермен салып шыққан. 

«Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды», – деп мәлімдеді Екібастұз полиция басқармасы.

Құқық бұзушыға қатысты материалдар сотқа жолданды.

Еске салайық, жалған нөмір тағып көлік жүргізгені үшін бес тәулікке дейін әкімшілік қамау және бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...